Profile

Kenges Yeldana
Kenges Yeldana
2020-03-06 11:24:22
Барлықтарыңызға сәлем! Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы Piping and Redirection, яғни Құбыр және Қайта бағыттау.  Командалық жолда орындалатын әрбір команда автоматты түрде үш деректер ағыны болады, олар: STDIN (0) - стандартты енгізу (бағдарламаға берілетін деректер). STDOUT (1) - стандартты шығыс (Бағдарлама басып шығарған деректер, терминалға әдепкі).                                                                                                                                                STDERR (2) - стандартты қате (қате туралы хабарлар үшін, сондай-ақ терминалға әдепкі қателік шығару). Құбыр және қайта бағыттау-бұл ақпаратты қызықты және пайдалы тәсілдермен бағыттау үшін бағдарламалар мен файлдар арасындағы ағындарды біріктіре алатын құрал. Төменде біз құбыр арқылы жумыс істеуді және қайта бағыттауды бірнеше мысалдарда көрсетеміз, бірақ бұл тетіктер тек мысалдарда пайдаланылған бағдарламалармен ғана емес, командалық жолда әрбір бағдарламамен жұмыс істейтін болады. Файлға қайта бағыттау Әдетте біз экранда біздің шығыс деректерді аламыз, бұл ыңғайлы , бірақ кейде біз жазба ретінде сақтағымыз келеді, жане оларды сақтауға болады, яғни басқа жүйеге жіберу немесе басқа біреуге жіберу. Бұл оператор ( > ) бізге бағдарламаның стандартты шығысын экранда емес, файлда сақтауға мүмкіндік береді. Мысал қарастырайық: Бар файлға сақтау Егер біз жоқ файлға бағыттайтын болсақ, ол біз үшін автоматты түрде жасалады. Егер біз бар файлға сақтайтын болсақ, онда оның мазмұны тазартылады, содан кейін жаңа Шығыс сақталады. Бірақ оның орнына біз бар файлға қоса отырып жаңа деректерді сақтай аламыз, ол үшін ( > > ) оператаор қолданылады, көрейік. Файлдан қайта бағыттау Егер біз less than ( < ) операторын пайдалансаңыз, біз деректерді басқа жолмен жібере аламыз. Біз деректерді файлдан оқып, оларды STDIN ағыны арқылы бағдарламаға жібереміз. Көптеген бағдарламалар (біз алдыңғы бөлімдерде көргеніміздей) бізге пәрмен жолының аргументі ретінде файлды ұсынуға мүмкіндік береді, және ол осы файлдың мазмұнын оқып, өңдейді. Біз қайта бағыттауды немесе конвейерді пайдаланғанда, деректер жасырын жіберіледі. Осылайша, жоғарыда келтірілген wc мысалында өңдеу үшін кейбір мазмұнды алды, бірақ ол қайдан келгенін білмейді,сондықтан ол бұл ақпаратты басып шығара алмайды. Нәтижесінде, бұл механизм жиі басып шығарылмайтын қосымша деректерді алу үшін қолданылады (олар болуы мүмкін және қажет емес). Біз енді екі қайта бағыттау нысанын біріктіріп көрейік, төменде мысалда көрсетілгендей бір командаға. STDERR ағынын бағыттау Енді стандартты қате немесе STDERR болып табылатын үшінші ағынға қарайық. Үш ағынның іс жүзінде оларға байланысты нөмірлері бар. STDERR-2 нөмірі ағыны, және Біз ағындарды анықтау үшін осы сандарды пайдалана аламыз. Егер біз санды операторға қойсақ > , онда ол осы ағынын қайта бағыттайды (егер біз әлі күнге дейін жасаған сияқты, санды пайдаланбасақ, әдепкі бойынша 1 ағыны пайдаланылады). Мүмкін, біз әдеттегі қорытынды сияқты, бір файлдағы қате туралы хабарларды да сақтағымыз келеді. Ол үшін STDERR ағынын STDOUT ағынына қайта бағыттау және STDOUT файлға қайта бағыттау арқылы жасалады. Алдымен біз файлға жібереміз, содан кейін қателер ағынын бағыттаймыз. Құбыр Әлі күнге дейін біз файлдарды және файлдардан деректерді жіберу ісі болды. Енді бір бағдарламадан екінші бағдарламаға деректерді беру тетігін қарастырайық. Бұл құбыр деп аталады және Біз пайдаланатын оператор (| ) пернетақталардың көпшілігінде кері қиғаш сызықтың ( \ ) үстінде). Бұл оператор не істейді, бұл бағдарлама шығыс деректерін солдан оңнан бағдарламаға кіру деректері ретінде береді. Біз қалағанымызша көп бағдарламаларды бірге бере аламыз. Сонымен қатар құбырларды қайта бағыттауға болады: Қорытынды: Бүгініг сабақ осы жерден бітті, Назардарыңызға көп рахмет!!!
Please sign up or sign in to like or write comments on this post.
Comments Favorite
Kenges Yeldana
2020-03-06 02:54:38
Барлықтарыңызға сәлем! Сонымен бүгінгі тақырып Egrep and Regular Expressions, яғни egrep/grep командалары және тұрақты анықтамалар. Сонымен бірінші кезекте egrep/grep командаларына тоқталып өтейін. Жалпы бұл командалар бізге тексттен керек сөзді алуға мүмкіндік береді. Мысалы бізге файл ішінен "apple" сөзін іздестіріп көрейік: Ал егер де сізге сол сөздің қай жолда орналасқандығын білгіңіз келсе: Сонымен қатар сол сөз текст ішінен неше рет кездесетінін білгіңіз келсе: Осымен egrep/grep командалары туралы қысқаша түрде анықтама берілді, енді Regular Expression туралы айтып өтейін. Жалпы сіз  Regular Expression деген сөзді бірнеше жерден кездестіруіңіз мүмкін, мысалға Python Regular Expressions, Java Regular Expressions, C++ Regular Expressions, т.б. секілді. Бүігнгі өтетін Regular Expression Linux операциялық жүйесіне арналған. Regular Expression - бұл бізге деректер қорынан сізге керек сөзді, ақпаратты, жолды , шаблондарды дәл алып бере алатын құрал. Мысалға тексттен бір жолды алу , өзгерту, телефон нөмірін алу, пошта адресін алу деген секілді. Бұл постта Regular Expression туралы толық айтып өтпейміз, тек негізгі керектеріне тоқталып өтеміз. 1.  ". " (нүкте) -  бір жалғыз символды көрсетеді. 2.  ? - символдың бар жоғын 0 немесе 1 арқылы көрсетеді. 3. * - 0 немесе одан көп символдар. 4. + - 1 немесе одан көп символдар. 5. {n} - дәл n рет сәйкес келеді. 6. {n,m} - сәйкестік n реттен кем емес және m реттен артық емес. 7.  [agd] - жақша ішіндегі үшеуінің бірі болса жеткілікті. 8. [^agd] - жақша ішіндегілерден басқа. 9.  [c- f] - әліпби реті бойынша орналасқан аралық. 10. () - бірнеше символдарды бір топқа біріктіру. 11. | - немесе деген мағынада. 12.  ^ - жолдың басы дегенді білдіреді. 13. $ - жолдың соңы дегенді білдіреді. Ендігі кезекте мысалдармен көрсетіп өтейін. 1. Сізге дауысты дыбыс екі немесе оданда көп рет қатар орналасқан сөз керек болса: 2. Сөздің кез келген тұсында 2 саны бар болатын сөзді алу: 3. Сөздің соңында 5 саны бар болатын сөзді алу: 4. Егер сізге "on" немесе"or" немесе"es" тіркестерінің бірі кездесетін өз керек болса: 5. Ендігі кезекте әліпби реті бойынша А-дан G- әріпіне дейінгі әріптен басталатын сөз керек болса: Сонымен бүгінгі сабақ осы жерден аяқталды. Назарларыңызға рахмет!
Please sign up or sign in to like or write comments on this post.
Comments Favorite
Kenges Yeldana
2020-02-19 14:38:57
Күнделік жүргізу — ең пайдалы әдеттердің бірі, өйткені ол басқа пайдалы әдеттердің жүзеге асуын жеңілдетеді. Күнделік жүргізу бос ермек секілді көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде күнделіктің арқасында келешекте көп уақытыңды үнемдеп қала аласың, ал күнделікті жүргізудің өзіне күніне 5-10 минут уақыттан артық кетпейді. Күнделіктің көмегімен сен: • түпкі санада жиналып қалған эмоцияларды шығара аласың; • стресс деңгейін түсіре аласың; • өзіңе басқа қырынан қарай аласың; • өзіңе мақсаттарың жайлы ескерте аласың және т.с.c. Ғаламторда күнделікті жүргізудің түрлі схемалары бар, олардың барлығын қолданудың қажеті жоқ, ұнағанын таңдап, қолдансаң жеткілікті. Ал жалпы ешқандай схемаларды қолданбай-ақ, жай ғана ойларыңды қағаз бетіне түсіріп отырсаң да болады. Қалай болғанда да, күніне 1-2 сөйлемнен жазсаң да, пайдасы өте зор. Егер не туралы жазуды білмесең, бұрын-соңды күнделік жүргізіп көрмеген болсаң, арнайы көмекші күнделіктерді сатып алып, қолдануға болады. Мен нақты осындай арнайы күнделіктерді ал демеймін, бірақ ғаламтор дүкендерінен күнделікті іздесең, арнайы көмекші күнделіктерді таба аласың. Арнайы көмекші күнделіктерде ештеңе сәндеп, әдемілеп, тізім құрып жатпайсың, барлығы дайын, тек жаз, тек толтыр. Қандай пайдалы әдеттерді күнделікпен жүргізсең болады? • Таңертең ерте тұру • Күн тәртібі • Приоритеттерді қою • Өзіңе мотивация беру (цитаталар, фразалар және т.б.) • Жаттығулар тізімі • Дұрыс тамақтану (кім тамақты асыра жейді, соған пайдалы болады, өйткені қандай сәтте асыра жеуден өзіңді тоқтата алмадың, неліктен мұндай жағдай орын алғанын жазып алып, ой елегінен өткізсе болады) Бұл пайдалы әдеттердің азғантай ғана бөлігі. Біз өзіміздің қалай өмір сүріп жатқанымызды білмейміз, өз мәселелерімізді байқамаймыз, не істеу керектігін, қандай шешім қабылдау қажет екенін білмейміз. Ал күнделік жүргізу өзіңді және өз іс-әрекеттеріңді талдап, ой елегінен өткізуге көмектеседі, дұрыс шешімдер қабылдауға себептеседі және ең бастысы, күнделік жүргізіп бастау оп-оңай, кез келген қалам мен дәптерді қолға алсаң болғаны!
Please sign up or sign in to like or write comments on this post.
Comments Favorite
Kenges Yeldana
2020-02-10 08:59:04
import requests username = 'Yeldana00' token = 'b83a5e40bce64ca6067f232cabbfa54d7aaaa524' response = requests.get( 'https://www.pythonanywhere.com/api/v0/user/{username}/cpu/'.format( username=username ), headers={'Authorization': 'Token {token}'.format(token=token)} ) if response.status_code == 200: print('CPU quota info:') print(response.content) else: print('Got unexpected status code {}: {!r}'.format(response.status_code, response.content))
Please sign up or sign in to like or write comments on this post.
Comments Favorite

Follow Us

© 2019 AzatAI All Rights Reserved